
«Ағылшын тілі» – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытылатын базалық жалпы білім беретін пән. Пәннің негізгі мақсаты – студенттердің шетел тілінде коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру және оны кәсіби ортада қолдануға үйрету.
Пән мазмұны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес әзірленеді және жаңартылған білім беру мазмұнына негізделеді.
Пәнді оқытудың мақсаты
-
Студенттердің ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту;
-
Кәсіби бағыттағы терминологияны меңгерту;
-
Академиялық және техникалық мәтіндерді түсіну дағдысын қалыптастыру;
-
Сыни ойлау, ақпаратты талдау және тілдік ортада еркін әрекет ету құзыреттерін дамыту;
-
Көптілділік және мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру.
- Учитель: Михайлова Дарья